Version 1.1
Қазақстан қалалары үшін намаз уақыттары.
Қазақстан қалалары үшін намаз уақыттары.
Бұл бағдарлама арқылы Қазақстан қалаларының намаз уақыттары әрдайым қолыңызда болмақ. Сондай-ақ мұндағы карта арқылы тұрған жеріңіздің қыбла бағытын да анықтау мүмкіндігі бар. Айына бір рет интернеттен уақыттарды жүктеп тұру керек. Яғни келесі ай басталғанда жаңа айдың уақыттарын автоматты түрде интернеттен жүктейді. Интернетте ақау шығып жүктелмеген жағдайда төменде сол жақ шеттегі "жаңалау" (обновить) деген түймешені басу арқылы жүктеуді қайталауға болады. Жүктегеннен кейін сол ай бойы интернет байланысын талап етпейді. Тек қыбла бағытын анықтау кезінде интернетке қосылу қажет болады. "Настройка" бөлімі арқылы өзіңізге қажетті қаланы немесе тілді ауыстыруға болады. "Мәлімет" бөлімінде уақыттар туралы қысқаша ақпарат берілді.
Аллаһу та'ала баршамызды уақытылы, кемшіліксіз ғибадат еткендерден жазсын!
Бағдарлама
- Қазақ
- Oрыс
- Aғылшын
тілдерінде дайындалған.
Талаптар:
Android 2.3 және одан жоғары нұсқалары. Wi-Fi, EDGE, 3G немесе желілік байланыс кейде талап етіледі.